Экономика

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ке дейін төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ке дейін төмендетті

Ұлттық банк базалық ставканы 16,5%-тен 16%-ке дейін төмендеті.»Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады», — деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.Ұлттық банк инфляцияның белсенді баяулауы базалық мөлшерлемені төмендетуге септігін тигізгенін атап өтті. Дегенмен сыртқы секторда және экономика ішінде проинфляциялық тәуекелдер болуына байланысты биыл оны одан әрі төмендету мүмкіндігі айтарлықтай шектеліп отыр. Жыл соңына дейін ақша-кредит саясатын жеңілдету жылдық инфляция бір мәнді деңгейге дейін баяулаған жағдайда қаралады.Биыл қыркүйекте жылдық инфляция осы жылға арналған болжамды диапазонның 10-12% төменгі шегіне апаратын траектория бойынша 11,8%-ке дейін төмендеген.Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешім 2023 жылғы 24 қарашада Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.Кредиті бар адамдар базалық ставка туралы нені білуге тиіс

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»