Қоғам

2023 жылғы танымал есімдер

2023 жылғы танымал есімдер

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған 10 есімнің тізімін жариялады.Статистика бюросының ақпаратынша, былтыр жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ.»Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді», — делінген хабарламада.

2023 жылдың танымал 10 есімі

Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад, Хамза.Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым.Осы тізімді 2013 жылмен салыстырсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері соңғы он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында, деп атап өтті Ұлттық статистика бюросы.

2013 жылдың танымал 10 есімі

Ерасыл, Алихан, Санжар, Нұрасыл, Мирас, Артем, Нұрислам, Амир, Арсен, Рамазан.Айзере, Айару, Кәусар, Інжу, Айша, Аружан, Аяулым, Амина, Іңкәр, Диана.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»