Қоғам

Ақмола облысында бұрынғы инспектор автокөліктерді заңсыз есепке қойған

Ақмола облысында бұрынғы инспектор автокөліктерді заңсыз есепке қойған

Ақмола облысында жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 автокөлік заңсыз есепке қойылғаны анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге залал келтірілген.»Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға мемлекеттік инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемеу, электрондық өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану жолымен шетелден әкелінген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуден өткізген», — делінген хабарламада.ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.Агенттік өкілеттікті теріс пайдалану, ақша жымқыру немесе басқа да экономикалық құқықбұзушылықтар фактілері туралы АФМ Insider телеграм ботына хабарлауды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»