Қоғам

«АрселорМиттал Теміртау» қаза тапқан 41 кеншінің отбасына ақша аударды

"АрселорМиттал Теміртау" қаза тапқан 41 кеншінің отбасына ақша аударды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 41 кеншінің отбасына бір жылдық жалақының 10 еселенген мөлшерін төлеп берді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әкімнің айтуынша, 46 отбасы зейнетақы қорынан жерлеуге бір реттік төлем рәсімдеді.

"Кәмелет жасқа толмаған баласы бар 20 отбасыға асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тағайындалды", — деді Бөлекпаев арнайы брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.Осы апаттан кейін президент «АрселорМитталмен» инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Үкімет компанияны Қазақстан пайдасына беру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»