Елорда тынысы

Астанада бірнеше жол учаскесі жабылды

Астанада бірнеше жол учаскесі жабылды

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының, сондай-ақ Өндіріс көшесінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.Осыған байланысты 19-20 тамыз аралығында Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.Сонымен қатар, 19 тамыздан 7 қыркүйекке дейін Солтүстік айналма жолдан көлік айырбасына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара тоқтатылады.Бұдан бөлек, Арай көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу басталды. Жөндеу жұмыстарына байланысты 19-21 тамыз аралығында Жауқазын көшесінен Ғарышкерлер көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.Астанада салық төлемеген жүргізушілердің автокөлігі тәркіленіп жатыр

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»