Елорда тынысы

Астанада жолақысын Bluetooth арқылы төлеуге болады

Астанада жолақысын Bluetooth арқылы төлеуге болады

. Астанадағы автобустарда жолақыны Bluetooth арқылы төлеу қызметі енгізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігі.Төлемнің бұл түрін пайдалану үшін Avtobys мобильды қосымшасын жүктеу керек. Одан кейін телефон нөмірі арқылы тіркеледі. Мобильды қосымшаның теңгерімін де толтыру керек. Ол үшін әмиян батырмасын таңдап, ұсынылған әдістердің бірін таңдауға болады.Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, электрондық әмияндар, интернет-банкингтер арқылы толтыруға да мүмкіндік бар.»Ал жолақыны Bluetooth арқылы төлеу үшін телефоныңыздың Bluetooth-ынқосасыз, қосымшаға кіріп, Bluetooth белгісін басасыз, маршрутты таңдайсыз және төлемді растайсыз», — дейді мамандар.Айта кетері, әзірге төлем жасаудың бұл тәсілі барлық автобустарда жоқ. Жаңа электронды жабдықтары орнатылған қоғамдық көліктерде ғана бар.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»