Елорда тынысы

Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Астанада Тәуелсіздік күніне орай түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.13-15 желтоқсанда «Жансая» орталығында патриоттық әндер, өлеңдер, суреттер байқауы өтеді.14-16 желтоқсанда «Барыс-Аренада» жүзуден «ASTANA OPEN» ашық республикалық турнир өтеді.14 желтоқсан күні сағат 11.00-де «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырады.15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Астана мемлекеттік архивінде «Тәуелсіздік жолында» архивтік құжаттарының көрмесі өтеді.Сонымен қатар, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт көрсетіледі.15 қазан күні сағат 10.00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінде ат спортынан жарыстар өтеді.15 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Астана» СК-да мүкіс спортшылар арасында шағын футболдан Астана қаласының Ашық Кубогы өтеді.15 желтоқсанда «Beeline Arena» спорт кешенінде алғаш рет «ІВА Чемпиондар түні» — «Astana Arlans» бокстан турнир өтеді.15-20 желтоқсан аралығында ұлдар мен қыздар арасында қол добынан Астана Кубогы және ұлдар арасында гандболдан ашық турнир басталады.16 желтоқсан күні сағат 14.00-де қуыршақ театры көрермендерге С.Жүнісовтің «Атамекен» спектаклін ұсынады.
Сол күні сағат 18.00-де.М. Горький сахнасында «Әлия» спектакль-драмасы өтеді.16-17 желтоқсанда садақ атудан Астана кубогы өтеді.17 желтоқсанда Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Көктал 2, Баршын көшесі, 30/2 ) Спартакиада өтеді.Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»