Спoрт

Азия ойындары: Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі қола медальмен толықты

Азия ойындары: Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі қола медальмен толықты

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан спортшылар тағы екі қола медальге ие болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Боксшымыз Сағындық Тоғамбай жартылай финалда қытайлық Хан Сюэчжэньге есе жіберді. Осылайша, қола жүлденің иесі атанды. Ал су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы Өзбекстан командасын 16:8 есебімен жеңіп 3-орынды иеленді.Ресми мәліметке сәйкес, су добынан Қазақстан құрамасы 2010 жылдан бері Азия ойындарына қатысып келеді. Содан бері алдымен күміс, 2014 жылы — қола, ал 2018 жылғы Азияойындарында күміс жүлдені иеленген болатын.Айта кетері, Қазақстан қоржынына түскен қола жүлденің саны 23 медальге жетті. Бұдан бөлек, үш алтын мен бес күміс жүлде бар.Азия ойындары: Қазақстан қоржынына бесінші күміс түсті

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»