Қоғам

«Директор арыз жазба деді»: түсік жасатқан жасөспірімнің анасы оқиғаның мән-жайын айтты

"Директор арыз жазба деді": түсік жасатқан жасөспірімнің анасы оқиғаның мән-жайын айтты

Жамбыл облысы Жаңатас қаласы Сарысу ауданында 12 жастағы қыз 55 жастағы ер адамнан жүкті болып, түсік жасатқан. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісіне қыздың анасы айтып берді.Оқиға былтыр қарашада болған.»Біз тұратын үйдің бірінші қабатында 15 жастағы бір қыз тұрады. Сол қыз менің 11 жастағы қызыма жұмыс тауып беремін деп бір жерге апарған. Бұл 2021 жылы болған оқиға. Ол кезде қызым Байқадамдағы мектепте оқыған. Қызымды жазғы каникулға әкелгенде аяқасты соқыр ішек болып ауырдым. Ауырып жатқанымда көрші қыз баламды ертіп, бір жерге жұмысқа апарады. Ол жерде 700 грамдық ыдыстарға бал құяды екен. Қызым балды біресе аз құяды, біресе көп құяды. Көрші қызға жұмыс беруші ер адам «мынаның қолынан түк келмейді, енді әкелме» деген. Бірақ қызыма «мен өтірік айта салдым, сен келіп тұр» депті. Осылайша қызыма қырындап жүрген», — дейді жәбірленуші қыздың анасы.Қыздың анасы еңбек биржасында жұмыс істеген. Бірақ сол кездері жұмыссыз жүрген. Анасының айтуынша, 11 жастағы қыз екі күнде бір бал құюға барып тұрған.

"15 жастағы қыз бәрін білген. Ол сол адамға талай қызды апарған. Ондай қызметі үшін ер адам оған ақша беріп тұрған. Көрші қыз әдейі тұрмыс жағдайы төмен қыздарды тауып апарған. Ер адам қызыма ұялы телефон сатып әперген. Қызым үнемі жоқ болып кететін. Қайда жүрсің деп сұрасам, қыздармен қыдырып жүрмін деп жасырып айтпады. 2021 жылы бір айдан соң қызым ер адамға қайтып бармаған. Ал 2022 жылы ол "ұялы телефонның құнын қашан төлейсің" деп артынан қалмаған", — дейді жасөспірімнің анасы.

Сөйтіп қыз бал құятын жұмысына қайта барған. Шешесінің айтуынша, қыздың шайына бір зат қосып, 54 жастағы ер адам арам ойын жүзеге асырған.»Бір күні қызым жылап келді. Сөйтсем жұмыс беруші зорлап тастаған. Киімінің бәрі былғанған. Төсек-орны былғанған. Не болды деп сұрап едім, айтпады. Мұрным қанады деді. Төсек орны мен іш киімін қоқысқа лақтырып тастады. Үш күн орнынан тұрмай жатып алды. Ал ана ер адам көшеде ұстап алып, қырындай бастаған. Өткен жылы тамыз айында Таразға бардық. Жаңағы еркек сол жерде жүр екен. Базарға барып қызым сумка аламын деп қоймады. Оған ақшам болмады. Ал ана ер адам «мен сумка әперемін, сосын біртіндеп төлейсіңдер» деді де сумка әперді. Қызым оның атын телефонына Сәуле деп сақтап алыпты. Ал оның аты Саша», — дейді жәбірленушінің анасы.Қызының жүкті екенін әйел мектеп директорынан естіген. Оқушының оғаш қылығын көрген мұғалімдері жүктілік тестін жасатқан. 12 жастағы қыздың аяғы ауыр болып шыққан.»Қызым ол ер адаммен жарты жыл араласқан, өйткені қорқытқан. Сол сатып әперген заттары үшін ақы сұраған. Ал қызым былтыр қарашада түсік жасатты. Гинеколог қарап, жүктіліктің мерзімі үлкен, тегін жасамаймын, 500 мың теңге бересіңдер деді. Гинекологтың аты-жөнін білмеймін. Қаратаудағы қарапайым аурухана, дәрігер егде жастағы ер адам болды. Ол түсік жасардан бұрын толғақ шақыратын дәрі ішу керектігін айтты. Ол кезде жүктілік 6 ай болып қалған», — дейді анасы.Түсікті 18 қарашада жасатқан. Ауруханаға психолог пен мейірбике кіргізген, ал анасы көлікте күтіп отырған.

"Маған мектеп директоры "арыз жазба, басыңды қатырып қайтесің. Қызың түсік жасатып, сабақ оқып жүре береді. Түсікке өтініш жаз, ешбір қарсылығым жоқ деп" деп үгіттеді. Қандай қағазға қол қойғанымды да білмеймін. Ол ер адам балабақшада күзетші болып істейді, ал әйелі басқа балабақшада меңгеруші, аудандық маслихаттың депутаты", — дейді әйел.

Жәбірленушінің әкесі түрмеде жазасын өтеп жүр, ал анасы екінші рет күйеуге тиген. Ол қайтыс болған. Қазір басқа бір адаммен азаматтық некеде тұрады. Түсік жасатқан жасөспірім өзін жақсы сезінеді дейді анасы. Неге екені белгісіз, жәбірленушінің отбасы құқық қорғау органдарына түсік жасатқаннан кейін бес айдан соң, яғни биыл мамырда ғана арыз жазған.»Менің арызды кеш берген себебім жаңағы еркек қызыма тиіскенін қоймай, сатып әперген телефонның ақшасын сұрап мазалады. Қаншама рет бізге қысым көрсетті», — дейді жәбірленушінің анасы.Қылмыстық іс дәлелденді дейді облыстық полиция. Алғашқы сот отырысы желтоқсанда өтеді.»Тергеу барысында 12 жастағы қыздың жүкті болғаны анықталған. Оны мектеп басшылығы жасырған. Тиісті орындарға хабарламай түсік жасатылған. Қазір күдікті қамауға алынды. Мектеп басшылығына қатысты Қылмыстық Кодекстің 434 бабы «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша тергеу жүріп жатыр. Қазіргі күні қылмыстық іс сотқа жіберілді», — дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Алмас Саламатов.32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»