Қоғам

ЕСП 2024

ЕСП 2024

Жаңа жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлемнің қолданылу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бірыңғай жиынтық төлем жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 2019 жылы уақытша енгізілген болатын. Егер олар тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе және кірісінің сомасы жылына 4 миллион теңгеден аспаса, бірыңғай жиынтық төлем төлейтін.»ЕСП» төрт міндетті төлем түрін біріктірді:жеке табыс салығы;мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;зейнетақы жарнасы;міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына аударымдар.Бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы мөлшері: республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК; ал басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК болды.Алайда үкімет бес жыл бойы қолданылған бірыңғай жиынтық төлемді биылдан бастап алып тастауды жөн көрді. Шенеуніктердің сөзіне сенсек, БЖТ өзін-өзі ақтамаған.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»