Қоғам

Елімізде орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылады

Елімізде орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылады

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында орман өртіне қарсы күрес жөніндегі жаңа шаралар қаралды.Жиынға қатысушылар өрт ошақтарын дер кезінде анықтауға және уәкілетті органдарға ақпаратты шұғыл жеткізуге мүмкіндік беретін орман өртін ерте анықтау жүйесін іске қосу мәселесін талқылады. Оның аясында мемлекеттік орман қорын, ұлттық саябақтарды, қорықтарды және ерекше қорғалатын аймақтарды тәулік бойы бейнемониторинг жүйесімен және тәуелсіз түтін датчиктері желісімен қамту жоспарланып отыр.Бұл ретте шешім қабылдау орталығын өзекті ақпаратпен қамтамасыз ететін және өрттерді оқшаулау және жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруге көмектесетін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану көзделген.Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын қауіпсіз эвакуациялау жолдарын әзірлеу, зардап шеккендерді іздеп табу және құтқару үшін пайдалану жоспарда бар.Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында премьер-министр ТЖ министрлігінің бөлімшелері үшін 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын және 12 су шашу құрылғысын сатып алуды көздейтін қаулыға қол қойды. Бұл мақсатқа үкімет резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.Төтенше жағдайлар министрлігіне 71 дрон мен су шашатын құрылғылар сатып алынады

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»