Қоғам

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды таныстырды

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды таныстырды

Ұлттық банк «Қазақстанды монеталар арқылы таны» сериясынан WORLD PAINTING коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.WORLD PAINTING коллекциялық монеталары Dpartners арт-агенттігімен коллаборациялық жоба аясында шығарылады.күмістен жасалды, сынамасы – 925/1000. Түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылды. Монета массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңге. Монеталардың таралымы – 300 дана.МН 25 нейзильбер қоспасынан жасалды. Түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік. Монеталардың таралымы – 5 000 дана.Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық банктің сапа сертификатымен кәдесый қаптамасында шығарылады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар блистерлік қаптамада шығарылады.© пресс-служба НацбанкаКүмістен жасалған WORLD PAINTING коллекциялық монеталарыКүмістен жасалған WORLD PAINTING коллекциялық монеталары© пресс-служба Нацбанка»Монеталардың бәрі де Қазақстанның бүкіл аумағында номиналды құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады», — делінген хабарламада.© пресс-служба НацбанкаМельхиордан жасалған WORLD PAINTING коллекциялық монеталарыМельхиордан жасалған WORLD PAINTING коллекциялық монеталары© пресс-служба НацбанкаМонеталардың сатылымға шығарылатын күні туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады.Айта кетері, коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

World Painting коллекциялық монеталарының ерекшелігі

Қазақстанның халықаралық World Painting арт-жобасындағы фрагменті – Семей полигонында ядролық сынақтан зардап шеккен суретші Кәріпбек Күйіковтің бейбітшілік құсы – көгершін суреті мен Әбілхан Қастеевтің немересі, суретші Дәурен Қастеев салған зәйтүн ағашының бұтағы монета дизайнына негіз болып отыр.

World Painting жобасы

Халықаралық әлеуметтік арт-жоба – әлем елдері өкілдерінің қолынан шыққан фрагменттер мозаикасынан тұрады. «Әлем бейнесі» бір қылқаламды бір-біріне беру арқылы ең көп адам қатысқан өнер туындысы ретінде Гиннес рекордын орнатты.Арт-жобаға 200-дей елден 2070 адам бояу ізін қалдырды. Кенептің ұзындығы – 4 метр, биіктігі 1 метр 27 сантиметр. Бұл – жер шарының кішірейтілген ауқымдағы параметрлері. «Әлем бейнесі» туындысының көшірмесі халықаралық ғарыш станциясын да шарлап қайтты.Арт-объект – планетаның барлық тұрғыны ұлтына, нәсіліне, дініне және тұрғылықты жеріне қарамастан Жер бетінде үйлесімділік пен келісім орнаған бейбіт әрі берекелі өмірді армандайтынының айқын дәлелі.Кенепте Олжас Сүлейменов, Димаш Құдайберген, Александр Винокуров, Тимур Бекмамбетов, Николя Саркози, Рой Джонс, Бай Линг және басқа да танымал адамдар өз белгілерін қалдырды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»