Қоғам

Қазақстаннан Сауд Арабиясының тағы бір қаласына тікелей әуе қатынасы ашылады

Қазақстаннан Сауд Арабиясының тағы бір қаласына тікелей әуе қатынасы ашылады

2024 жылы Алматы – Джидда бағыты бойынша тікелей әуе қатынасы ашылады, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.Эр-Рияд қаласында Қазақстан мен Сауд Арабиясы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысы өтті.Отырыс барысында туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев екі ел арасында туризм саласындағы ынтымақтастықтың кеңейгенін атап өтті.Мәселен, келесі жылдан бастап «Алматы-Джидда» бағыты бойынша тікелей әуе қатынасы ашылады. Рейстер аптасына екі рет орындалады.»Біз жергілікті БАҚ өкілдері, инфлюенсерлер және Сауд Арабиясының туристік компаниялары үшін еліміздің туристік әлеуетін көрсету мақсатында ақпараттық тур ұйымдастыруды ұсындық. Бұл Сауд Арабиясының азаматтарына Қазақстан табиғатының көркем пейзаждарын өз көзімен көруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Еркінбаев.Туризм вице-министрі отырыстың барлық қатысушысын 2024 жылы қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалауға шақырды.Бұған дейін Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашуға уағдаласқаны хабарланды. Тікелей рейстер келесі жылы көктем-жаз маусымында басталмақ.Алматыдан Эр-Риядқа тікелей рейстер ашылады

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»