Экономика

Жыл басынан бері мемлекетке 217 млрд теңгенің активтері қайтарылды

Жыл басынан бері мемлекетке 217 млрд теңгенің активтері қайтарылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Мемлекет басшысына агенттіктің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі және алдағы уақытқа арналған жоспары туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаевқа сондай-ақ көлеңкелі экономиканың деңгейі 18,7 пайызға дейін төмендегені жөнінде мәлімет берілді.Сонымен қатар Элиманов құқық қорғау органдарына 229 талдау материалы жолданғанын, есірткі сатушылардың қаржылық операцияларын бұғаттау тәжірибесі жолға қойылғанын айтты. Бұл жұмыс азаматтарды, әсіресе жастарды, есірткіні онлайн сатып алудан сақтайды.Оның айтуынша, . Криптоактивтерді пайдалана отырып жасалатын экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімше құрылған. Крипто-әмияндарға тыйым салу және цифрлық валютаны алып қою тетігі әзірленген. Қазақстанда алғаш рет Бұдан бөлек, Экономикалық құқықбұзушылықтардың кейбір белгілері бойынша қылмыстық қудалауды жеңілдету (декриминализация) туралы ұсыныстар енгізілген. Бұл кәсіпкерлерді қорғау шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы адал бизнесті қорғау, қаржы және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтті.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»