Спoрт

Министр ауыр атлетикадағы допинг мәселесімен күресуді тапсырды

Министр ауыр атлетикадағы допинг мәселесімен күресуді тапсырды

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ауыр атлетика федерациясының басшылығымен және бапкерлер құрамымен кездесті. Жиында федерация өкілдері спортшылардың Азия ойындарындағы өнерін қорытындылап, ауыр атлетика спортын дамыту жоспарымен таныстырды.Министр кейінгі жылдары ауыр атлетика спортшыларының жаппай допинг дауына ұшырап жатқанына байланысты өткір мәселе көтерді. 2022 жылдың басынан бері 43 спортшы допинг қолданды деп айыпталған.»Еліміздің ауыр атлетика спортының тарихы бай, жеңіспен өрілген тамаша дәстүрі бар. Қалыптасқан жағдайға байланысты бұл спорт түрінен бас тартуға болмайды. Жаңа басшылық пен жаттықтырушылар штабы допинг мәселесіне байланысты допинг сынамаларын егжей-тегжейлі тексеріп, тыйым салынған құралдарды қолдануға нөлдік төзімділік бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуі керек. Спорттан шеттетілген саңлақтарға мұндай қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсетіп, оларға демеу беруіміз керек», — деді Маржықпаев.Сондай-ақ ол ауыр атлетика федерациясының өкілдеріне бірқатар тапсырма берді. Атап айтақанда, спортшылардың спорттық тамақтану мен қалпына келтіру құралдарын өз бетінше сатып алуын болдырмау, барлық мүдделі ведомствомен бірлесіп фармакологиялық құралдарды сатып алу алгоритмін әзірлеу, ауыр салмақтағы спортшыларды даярлау жөніндегі жеке бағдарламаны іске қосуды тапсырды.Министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, Ханчжоудағы Ойындарда Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері небәрі 1 «қола» медаль олжалап, жарыс алдында алған міндеттемелерін орындай алмады. Қытайдағы додаға дейін олар 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алуға уәде берген еді.Азия ойындары алдындағы допинг мәселесіне байланысты федерацияның басшылық және жаттықтырушы құрамы толық жаңарды. Нәтижесінде ұлттық құрама Ханчжоуда негізгі құрамда өнер көрсете алмады.Ұлттық допингке қарсы орталықтың өкілдері спорттық медицина және оңалту орталығымен бірлесіп, спортшыларды жаппай шеттету себептерін анықтау үшін спорттық тамақтану үлгілері мен фармакологиялық құралдарға зерттеулер жүргізеді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»