Спoрт

Министр Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады

Министр Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Шавкат Рахмоновты кезекті жеңісімен құттықтады.Маржықпаев танымал спортшыға алдағы турнирлерде де сәтті өнер көрсетуін тіледі.»Еліміздің Тәуелсіздік күнінде таң азанымен АҚШ-тан ақжолтай хабар жетті. Аралас жекпе-жектегі ел мақтанышы Шавкат Рахмонов UFC-де кезекті айқасын өткізіп, қазақ елін тағы бір жарқын жеңісімен қуантты. Егемендік күнінде ел тұрғындарын қуанышқа бөлеген даңқты спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!»,- деп жазды министр Telegram каналында.Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды (17-6-1) жеңді. Жоспарланған үш раундтың екінші раундында Рахмонов қылқындыру әдісін сәтті пайдаланып, қарсыласын тізе бүктірді.Осылайша, қазақстандық файтер мансабындағы 18-ші, ал UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді.Айта кетері, 40 жастағы Стивен Томпсон спорттық карьерасында 24 рет октагонға шығып, 17 мәрте жеңіс тойын тойлаған.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»