Экономика

Министрліктер 86 млрд теңгені игермеген

Министрліктер 86 млрд теңгені игермеген

Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар 86 миллиард теңгені игермеген. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, сегіз айда мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ке орындалды.»Республикалық бюджет бойынша сомасы 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. 107 млрд теңге атқарылмады, оның ішінде үнемделгені – 21 млрд теңге. Игерілмегені – 86 млрд теңге», — деді Жамаубаев үкімет отырысында.Төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, сондай-ақ ішкі істер министрліктерінде едәуір ірі сомалар игерілмеген.Оның негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; шарттар, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау және тағы басқалары.»Жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,7 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны — 131 млрд теңге», — деді вице-премьер.Сондай-ақ биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферт көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 990 млрд теңге бөлінген. Оның 96,8%-і игерілді. Атқарылмағаны – 32 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 31 млрд теңге игерілмеген.Ең көп қаржы Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында игерілмеген.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»