Фотo

Мыстандар мекені: әлемдегі құпияға толы 10 қала – фото

Мистика және жұмбақ құбылыстарға қатысты барлық нәрсе адамдар үшін әрқашан қызықты болды. Сондықтан мыстандар мен сиқыршылар өмір сүрген және бүгінгі күнге дейін сақталған қалалар туралы, орта ғасырлардағы «мыстандарға» жасалған қатыгез әрекеттер және инквизицияның қорқынышты жазалары туралы деректерге сұраныс жоғары. Дегенмен сол кездегі шынайы өмірдегі фактілер кейде мистикамен байланыстырған оқиғалардан әлдеқайда қорқынышты және қайғылы болып көрінеді.© AFP 2023 / Joseph Prezioso

АҚШ-та жұмбақ фактілер, оқиғалар мен аңыз-әңгімелерге толы көптеген жер бар. Мысалы, көп жыл бойы жанып жатқан Сентрейлия қаласы. Бұл "Сайлент Хилл" прототипі. Немесе "мыстандар қаласы" деген лақап атқа ие болған Салем қаласы. Салем Массачусетс штатында орналасқан және Америкадағы ең көне қалалардың бірі болып табылады. Суретте: Салемдегі Хэллоуин, Массачусетс.

1/12© AFP 2023 / Joseph Prezioso

© AP Photo / Charles Krupa

Салем қаласы "Мыстандар қаласы" деген лақап атқа ие және ол туралы қорқынышты әңгімелер көп тараған. Оған инквизиция кезінде Салемде мыстандар процесі болғандық, көпшілігі өлім жазасына кесілді.

Қазір 40 мыңдай халқы бар шағын қалада тіршілік бірқаалыпты және тыныш. Дегенмен бұл қала туристер арасында өте танымал. Әйтсе де, бұрынғы уаақыттағы қайғылы оқиғалар жергіліктің халықтың әлі де есінде. Суретте: Салем аудандарының бірі.

2/12© AP Photo / Charles Krupa

© AFP 2023 / Ronaldo Schemidt

Веракрус штатындағы Сьерра-де-лос-Тустлас тізбегін қамтитын тропикалық мексикалық джунглиде тағы бір "мыстан" қаласы – Катемако бар. Бұл қала тураалы да қорқынышты әңгімелер көп таралған. Ол әлемге бақсылар қауымының және олардың мистикалық әрекеттерінің арқасында белгілі болды. Жыл сайын Катемакоға үндіс көріпкелдердің түсініксіз қабілеттеріне сенетін көптеген турист келеді. Суретте: сиқыршы, сонымен қатар Қарға деп те белгілі Гектор Бетаза Катемакодағы (Мексика) жыл сайынғы Халықаралық мыстандар конгресі кезінде мистикалық әрекет орындап жатыр.

3/12© AFP 2023 / Ronaldo Schemidt

© iStock.com / NealHaddawayPhotography

Тауда орналасқан испаниялық Рупит ауылы – сиқыршылық әңгімелер көп тараған тағы бір жер. Адам аяғы жете бермейтін күрделі жерде орналасқандықтан, Рупит барлық әскери операциялар мен Еуропа халқын қырып тастауға жақын қалған ең қорқынышты оба індеттерінен аман қалды. Алайда, аңыз бойынша, орта ғасырларда мұнда өте көп мыстан өмір сүрген. Олар биліктен мүмкіндігінше алыс болу үшін және сол кезде "сиқырмен" еркін айналысу үшін осында көшіп келген. Сол кезде елді мекен "Мыстандар ұясы" деген өзінің екінші атауын алды.

4/12© iStock.com / NealHaddawayPhotography

© iStock.com / Frank Buchter

Испанияда қорқынышты атағы бар тағы бір елді мекен – наварралық Сугаррамурдии шағын ауылы. Мұнда небәрі екі жүзге жуық тұрғын тұрады. Бірақ туристер жеткілікті! Олар бұл жердің жұмбақ тарихына қызығып, үлкен топ түрінде осында келеді. Ауылда әлі күнге дейін жергілікті үңгірлерде мыстандардың жиындары өткізілетіні, ал жақын маңдағы ормандарда контрабандистердің соқпағы бар деген қауесет тараған. Испанияда мыстандарды қолға түсііру осы жерден басталды.

5/12© iStock.com / Frank Buchter

© AP Photo / David Guttenfelder

Гана – сиқыршылықпен айналысты деген күдікке ілінген әйелдерге арналған лагерьлер бар әлемдегі жалғыз ел. Мұндай лагерьлерде ауылдарынан қуылған немесе өлім қаупі төнгендіктен кетуге мәжбүр болған мыңға жуық "мыстан" тұрады. Олар үшін лагерьде қалу қауіпсіз. Суретте: Ганадағы Гамбага атты "мыстандар ауылында" сиқыршылықпен айналысты деп айыпталған әйел жерде отыр.

6/12© AP Photo / David Guttenfelder

© AFP 2023 / Pierre-Henry Deshayes

Солтүстік Норвегиядағы Вардё де "мыстандар қаласы" болып саналады. Инквизиция кезінде бұл Еуропадағы ең ірі "мыстан аулау" орталықтарының бірі болды. Мыстандарды жазалау бойынша ең қарқынды процестер Вардёхюс айналасында өтті. 1621 жылдан 1692 жылға дейін шамамен 90 әйел кінәлі деп танылып, тірідей өртеу туралы үкім шығарылды.

7/12© AFP 2023 / Pierre-Henry Deshayes

Солтүстік Норвегиядағы Вардё де "мыстандар қаласы" болып саналады. Инквизиция кезінде бұл Еуропадағы ең ірі "мыстан аулау" орталықтарының бірі болды. Мыстандарды жазалау бойынша ең қарқынды процестер Вардёхюс айналасында өтті. 1621 жылдан 1692 жылға дейін шамамен 90 әйел кінәлі деп танылып, тірідей өртеу туралы үкім шығарылды.

CC BY 3.0 / villlamania / Molini di Triora

Триора – Италияның солтүстігіндегі шағын тыныш қала. Ғимараттардың көпшілігі ХІІ ғасырға жатады. Триора XVI ғасырда инквизиция ұйымдастырған көптеген процестің арқасында кеңінен танымал болды: 1587 жылы бұл аймақта егін өнімі болма, бұған мыстандар кінәлі деп танылды және сол кездегі дәстүр бойынша олар отқа өртелді.

8/12CC BY 3.0 / villlamania / Molini di Triora

Триора – Италияның солтүстігіндегі шағын тыныш қала. Ғимараттардың көпшілігі ХІІ ғасырға жатады. Триора XVI ғасырда инквизиция ұйымдастырған көптеген процестің арқасында кеңінен танымал болды: 1587 жылы бұл аймақта егін өнімі болма, бұған мыстандар кінәлі деп танылды және сол кездегі дәстүр бойынша олар отқа өртелді.

© iStock.com / jan van der Wolf

Аудуотер, Нидерланды – ортағасырлық ғимараттары мен көркем каналдары бар 1265 жылы негізі қаланған тартымды ескі қала. Бұл ерекше қала сенім-нанымға толы. Мұнда күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұрған 1482 жылы құрастырылған "Мыстандар таразысы" бар. Сол ерте заманда әйелдерді "шайтанмен байланысты" іс-әрекетіне емес, салмағына қарай бағалаған. Мыстан ұшатын сыпырғыш 50 келіден артық салмақты көтере алмайды деп есептелді. Сондықтан салмақ әйелдің кінәсінің негізгі дәлелі болды. Осылайша олар күдіктілерді өлшейтін "мыстан таразыларын" құрастырды.

9/12© iStock.com / jan van der Wolf

© AFP 2023 / Jay Directo

Сикихор – Филиппиннің орталық бөлігіндегі сиқыршылар аралы. Ол мыстандар мен сиқыршылардың мекені болып есептелетін нашар беделге ие. Түнде аралды қамтып тұратын жұмбақ жарыққа байланысты оны "отты арал" деп те атайды. Мұнда мыстандар мен сиқыршылардың дүниежүзілік жиындары өтеді. Суретте: қарт әйел мен оның немересі Сикихор аралындағы зираттағы қабірден күл жинап жатыр.

10/12© AFP 2023 / Jay Directo

© iStock.com / Angelo D’Amico

Беневенто қаласы – "мыстандар сусыны" пайда болған жер. 1860 жылы белгілі Беневентоға Джузеппе Альберти деген адам көшіп келген. Ол жергілікті базарда алкогольдік сусындарды сата бастады. Дегенмен оның саудасы сәтті жүрмейді. Аңыз бойынша, бір күні құлаған ағаштың түбінде жатқан мыстанға тап болған Джузеппе оны құтқарып, сыйлық ретінде жаңа ликердің рецептін алды. Ол сусынды итальян тілінен аударғанда "мыстан" дегенді білдіретін стрега деп атады. Шөптермен тұндырылған бұл сусын үлкен танымалдылыққа ие болды. Сусынның пайда болуының нақты тарихы басқаша. Дегенмен, аңыз "мыстан сусынын" сататын саудагерге бай болуға мүмкіндік берді. Суретте: Италияның Беневенто қаласындағы әйгілі Траяна аркасы.

11/12© iStock.com / Angelo D’Amico

© AFP 2023 / Arne Hanssen

Мыстандары өртеу және оларды жаппай қудалау екі ғасырдан астам уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде Еуропа мен Америкада жүзден астам сот процесі өтті және кем дегенде 60 мың ер адам мен әйел бақсылық және сиқыршылықпен айналысқаны үшін өлім жазасына кесілді. Еуропадағы "мыстанды аулаудың" соңғы құрбаны швейцариялық қызметші Анна Гёльди болды. 1782 жылы 13 маусымда 48 жасында әйел Гларус қалалық кеңесінің шешімімен өлім жазасына кесіліп, сол күні басы кесілді. Анна Гёльди 2008 жылы ғана ақталды: Швейцария парламенті барлық айыптарды негізсіз және қисынсыз деп таныды. Суретте: Норвегияның солтүстік-шығысындағы кішкентай Диройсхамн аралында сыпырғышы бар мыстан болып киінген әйел адам.

12/12© AFP 2023 / Arne Hanssen

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»