Қоғам

Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді

Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына 50 млн теңге материалдық көмек бөлді.

"Костенко атындағы шахтада болған трагедияны терең күйзеліспен қабылдаған еліміздің тұңғыш президентінің тапсырмасымен Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза болған шахтерлердің отбасыларына 50 миллион теңге қаржылай көмек бөлді", — делінген қордың хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.Осы апаттан кейін президент «АрселорМитталмен» инвестициялық ынтымақтасты тоқтатуды тапсырды. Үкімет компанияны Қазақстан пайдасына беру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»