Сұхбат

Назарбаевтың ашық сұхбатына негізделген кітап жарыққа шығады

Назарбаевтың ашық сұхбатына негізделген кітап жарыққа шығады

Қазақстанның тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Штрихи к портрету» кітабы жарық көреді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты.

​»Жақында Елбасының «Штрихи к портрету» деректі жобасына берген сұхбатына негізделген кітап жарыққа шығады. Кітапқа жобаның телевизиялық нұсқасында көрсетілмеген материалдар енді», — деп жазды ол Twitter-де.Кітап авторы — Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған журналист Айгүл Әділова.

«Штрихи к портрету» — Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көпсериялы деректі фильм. Фильм Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде жасалған. Бірінші серия 1 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президенті күні жарық көрді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»