Спoрт

«Номад» хоккейшілері құрлықтық кубокты жеңіп алды

"Номад" хоккейшілері құрлықтық кубокты жеңіп алды

«Номад» хоккей клубы биылғы құрлықтық кубокты жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Финалдық турнирде «Номад» хоккейшілері алғашқы екі ойында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, кубокты жеңіп алуға қажетті ұпай санын алдын ала жинап алды. Олар алдымен «Кардиффті» (5:2), одан кейін «Хернинг Блю Фоксты» (7:2) тізе бүктірді. Осылайша, соңғы айналымның алдында алты ұпайға ие болды. Ал «Номадтың» негізгі қарсыласы — «Катовице» Уэльстан келген командадан 2:3 есебінен ұтылды. Енді, «Номадты» жеңсе де, алты ұпай жинай алмайды.»Кардифф» хоккейшілері астаналық командамен ұпай саны жағынан теңесе алады, бірақ «Номад» оларды бір рет жеңген. Осы басымдықтың арқасында «Номад» алға шығып тұр.Осылайша, «Номад» құрлықтық кубокты мерзімінен бұрын жеңіп алды. Олар мұндай жеңіске осымен екінші рет қол жеткізіп отыр.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»