Оқиға

Павлодар облысында автобус жер астына түсіп кетті: тергеу басталды

Павлодар облысында автобус жер астына түсіп кетті: тергеу басталды

Павлодар облысында «Майқайыңалтын» шахтасындағы апатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды облыстың полиция департаменті.»Екі немесе одан да көп адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соққан, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», — деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.Айтуынша, тәжірибелі тергеушілер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні «Майқайыңалтын» кенішінде төтенше жағдай болды. Шахта жанында жер опырылып, адамдар мінген автобус тереңдігі 150 метр шұңқырға құлап кеткен.Апат кезінде автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.4 қаңтар күні іздестіру-құтқару жұмыстары барысында екі адамның денесі табылды. Қалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.»Майқайыңалтын» шахтасындағы апат: екі адам әлі табылған жоқ

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»