Оқиға

Петропавлда бір отбасының үш мүшесі өлі күйінде табылды

Петропавлда бір отбасының үш мүшесі өлі күйінде табылды

Петропавлда бір отбасының үш мүшесін өлтірді деген күдіктілер ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.Полицияның мәліметінше, 28 желтоқсан күні сағат 13.25-те зорлық-зомбылықтың белгілері бар 3 адамның денесі табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен.»Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын ізін суытпай, ұстады. Күдіктілер Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген полиция хабарламасында.Ведомство мәлім еткендей, іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен Полиция департаментінің бақылауында.Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»