Сұхбат

Путин: Майдан – АҚШ-тың саяси қателігі

Путин: Майдан – АҚШ-тың саяси қателігі

2014 жылғы Киевтегі төңкеріс Украина төңірегінде қақтығыс тудырды, ал Қырым қауіп төндіру және Донбастағы операция АҚШ-тың саяси қателігі болды деп есептейді Путин. Бұл туралы ол америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында айтты.»Бастапқыда қақтығыс Украинадағы төңкерістен туындаған. Сол кезде Еуропаның үш елінің – Германия, Польша және Франция өкілдері келіп, Янукович үкіметі мен оппозиция арасында қол қойылған келісімнің кепілі болды», — деп еске алды Путин.Осы еуропалық саясаткерлердің барлығы кепілгер ретінде қол қойды, деп мәлімдеді Ресей президенті.»Осыған қарамастан, оппозиция мемлекеттік төңкеріс жасады және бұл елдердің барлығы бейбіт келісімнің кепілі екені естерінде жоқ сияқты кейіп танытты», — деді Путин.Ол төңкеріс жасаудың еш мәні болмағанын айтты.»Мемлекеттік төңкеріс, құрбандар не үшін қажет болды? Қырымға қауіп төндірудің не қажеті болды? Донбастағы операцияны не үшін бастады? Мен осыны түсінбеймін. Бұл мәселеде қателесті», — деді Владимир Путин.Америкалық журналист Такер Карлсонның бүгін өз сайтында және әлеуметтік желілерде жариялаған Владимир Путинмен сұхбаты он миллионнан астам қаралым жинап жатыр.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»