Қоғам

Sputnik тілшісі Александр Мироглов үздік әскери шолушы атанды

Sputnik тілшісі Александр Мироглов үздік әскери шолушы атанды

Sputnik Қазақстан тілшісі Александр Мироглов қорғаныс министрлігі ұйымдастырған байқауда «Үздік әскери шолушы» номинациясында жеңіске жетті.Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскерилер үшін БАҚ-пен өзара іс-қимыл қаншалықты маңызды екенін атап өтті.»Әлемнің көптеген елінде БАҚ маңыздылығы жағынан мемлекеттік институттармен теңескенін көріп отырмыз. Отандық бұқаралық ақпарат құралдары елдегі түбегейлі өзгерістер үшін мінберге айналды. Мен журналистер қауымына азаматтық журналистер ретінде ғана емес, ең алдымен біздің мемлекетіміздің патриоттары ретінде жүгіне аламын», — деді ол.Александр Мироглов – әскери қызметшілер туралы бірнеше репортаждың авторы. Биыл ол Қазақстанда БҰҰ бітімгерлерін қалай дайындайды деген тақырыпта сюжет жасады.Сондай-ақ Александр Қазақстанның әскери барлаушылары қалай жаттығатынын және армия жер астында әскери операция жүргізудің жаңа форматын қалай меңгеріп жатқанын түсірді.2022 жылы Александр Мироглов қаңтар оқиғасы кезінде өмірін қатерге тіге отырып, Алматы көшелерінен репортаж жүргізді. Біздің тілшімізге Алматы полиция департаментінің бастығы эксклюзивті сұхбат берді.Дәл сол 2022 жылы Sputnik Қазақстан тілшісі Мариуполь, Северодонецк және Лисичанскте болды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»