Қоғам

Су министрлігі ситуациялық ақпараттық орталық құруды жоспарлап отыр

Су министрлігі ситуациялық ақпараттық орталық құруды жоспарлап отыр

. Су ресурстары және ирригация министрлігі ситуациялық ақпараттық орталық құруды жоспарлап отыр. Елдегі су шаруашылығы нысандарының қазіргі жағдайы туралы барлық ақпарат осы орталықта жинақталады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Министрлік су шаруашылығын цифрландыру бағытында бірнеше ірі жобаны іске қосып, кешенді жұмыс атқаруды жоспарлап отыр. Австралиялық Rubicon Water және германиялық «HST-EURASIA»/»GST-EURASIA» компанияларының су саласын автоматтандыруды ұйымдастыру бойынша өнімдерін зерттеп, келіссөз жүргізуде.Бұдан бөлек, БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдерімен жобалау жұмыстарына өтеусіз гранттар тарту және шекаралас елдермен су ресурстарын басқарудың интеграцияланған жүйесін жасау бағытында жұмыс атқаруда.»Бірінші кезекте шекара маңы учаскелерінде суды есепке алу жүйелерін автоматтандыру жоспарланып отыр. Одан кейін Түркістан және Қызылорда облыстарындағы Сырдария өзеніндегі суды есепке алу жүйесін автоматтандыру және еліміздегі су шаруашылығы кешендерін автоматтандыру қолға алынады», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Қазақстанда «су дипломатиясы» мамандығы пайда болады

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»