Саясат

Тоқаев Мәскеуде Путинмен кездесті

Тоқаев Мәскеуде Путинмен кездесті

Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосу рәсімінен кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және басқа да салалардағы ықпалдастықты жалғастыру маңызды екенін атап өтті.Тоқаев ғасырлар бойы достық пен тату көршілік қатынастарға негізделген Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстар қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.»Мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы көпжақты сипатта табысты дамып келеді. Елдеріміз арасындағы ықпалдастық, ең алдымен, түрлі саладағы стратегиялық және одақтастық қатынастарға негізделген. Бүгін біз ірі жобаны іске қосу рәсіміне қатыстық. Шын мәнінде, бұл цифр тұрғысынан айтарлықтай үлкен болмаса да, қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Әрине, мұның символдық мәні келешекте де зор болады, – деді мемлекет басшысы.Владимир Путин жоғары деңгейдегі екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту қажет екеніне назар аударды.»Сіздің Мәскеуге жасаған сапарыңыз – айтулы оқиға. Арнайы келгеніңіз, сондай-ақ бүгін таныстырылған жобаны бірге іске асырғанымыз үшін сізге ризашылығымды білдіремін. Әрине, бұл бастамасы ғана деп ойлаймын. Әйтсе де, жалпы аймақтың энергетика саласындағы ынтымақтастығына бағытталған алғашқы әрі аса маңызды қадам. Бірлесе атқаратын жұмыс көп. Барлық бағыт бойынша қатынастарымыз жақсы дамуда. Бұл үшін сізге алғыс айтқым келеді, – деді Ресей президенті.Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігін және Еуразия кеңістігіндегі көпжақты интеграциялық байланыстарды кеңейтуге қосқан жеке үлесін атап өтті.Қазақстан Ресей газын тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын – Тоқаев

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»