Қазақстанда 10 мыңнан астам адам іздестіріліп жатыр – бас прокуратура
Қазақстанда 10 178 адам іздестірілуде, деп хабарлайды бас прокуратура.»Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестірілуде, олардың 2 098-і – хабар-ошарсыз жоғалғандар», — делінген хабарламада.Жоғалған адамдардың көп бөлігі мына өңірлерде тіркелген:Алматы қаласы — 278;Қарағанды облысы-217;Павлодар облысы-170;Алматы облысы – 152.1572 адам үйден кетіп, оралмаған, 73 адам автокөлікпен жоғалған, ал 38 адам жұмыстан шығып, хабар-ошарсыз кеткен.Көбінесе 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар (77%) әртүрлі жағдайларда жоғалады, деп атап өтті бас прокуратурадағылар.Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр.Іздестірілуде жүргендер – негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).Олардың көбі алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:Алматы қаласында (496),Астана қаласында (183),Шымкент қаласында (149),Алматы (164),Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде.Бас прокуратура Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске салды.