Қоғам

Қар, боран және аяз: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

Қар, боран және аяз: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтілуде. 7-8 қаңтар күндері солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады.Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.»Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында солтүстік-батыс антициклон жотасының суық ауа массалары енуіне байланысты температура күрт төмендейді», — деп ескертті синоптиктер.Батыста және солтүстік-батыста түнгі уақытта 8-25 градус аяз, солтүстікте 5-30 градус аяз, ал республиканың шығысында 5-18 градус аяз күтілуде.Оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяз және 7 градус жылы болады.150 рет дабылды ескерту жарияланған: Смайылов тапсырма берді

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»