Қоғам

Арзан билеттер

Арзан билеттер

Қазақстандық жолаушылар теміржол билеттерін 25% жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ.Компания жолаушылардың әртүрлі санаттары үшін пойыз билетін сатып алу кезінде жеңілдік алуға мүмкіндік беретін «Алтын», «Күміс», «Жастар» және «Саяхатшы» дисконттық карталарын ұсынады.картасы 15 жастан асқан жолаушыларға компанияның барлық пойызына 25% жеңілдік береді. Картаның құны 19 999 теңгені құрайды. картасы әлеуметтік маңызы бар пойыздарға 25% жеңілдік береді және 7 999 теңгеге қолжетімді. картасы 16 жастан 25 жасқа дейінгі жолаушыларға арналған, оның құны – 3000 теңге. Бұл карта теміржол билеттерін сатып алуға 25% жеңілдік береді. Ол белгілі бір маршруттардағы қала маңы және коммерциялық пойыздарға таралады.Барлық картаның жарамдылық мерзімі іске қосылған сәттен бастап 1 жыл. жеңілдік картасы ‒ «Тальго» пойыздарында жиі жүретіндерге арналған. Карта тегін беріледі және оның қолданылу мерзімі – 2 жыл.»Саяхатшы» жеңілдігінің мөлшері жолаушының өткен жылғы сапарларының сомасына байланысты:100 000-нан 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері – 10%;150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері – 15%;200 001 теңгеден асса, жеңілдік мөлшері – 20%.Картаны билеттерді офлайн/онлайн сатып алу кезінде пайдалануға болады.»Карталар – атаулы және үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы компанияның билет кассаларында рәсімдей аласыз. Бұл ретте жеке куәлікті, электронды пошта мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсету қажет. Карталардың саны шектеулі», — деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ.Билеттерді жеңілдікпен www.bilet.railways.kz ресми сайтынан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы (Android платформасында қолжетімді) сатып алуға болады.Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі және KTZH_PP_BOT Телеграмм-боты арқылы білуге болады.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»