Қоғам

Желіде Атырау әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты – билік не дейді

Желіде Атырау әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты –  билік не дейді

Өңір билігі интернетте тараған Атырау әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.»ТЖ жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Атырау қаласының әкімі жедел штабтың отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады», — делінген Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарламасында.Ведомстводағылар ТЖ режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.Қазір құқық қорғау органдары тиісті шаралар қолдану үшін ТЖ жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеп жатыр.Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының ресми аккаунты мына сілтемеде.Төтенше жағдай министрі БҚО-ға қайта барды

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»