Қоғам

Ерлі-зайыпты қазақстандықтарды 1,5 млрд теңгеге алдап кетті

Ерлі-зайыпты қазақстандықтарды 1,5 млрд теңгеге алдап кетті

Алматы облысында «Елімай-2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты.Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, «Елімай-2019″ тұтыну кооперативі қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 млрд теңгеден аса ақшасын заңсыз тартқан.»Тергеу барысында қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптыға тиесілі құны 1,2 млрд теңгенің мүлкі анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында сол мүлікке және 129 млн теңгеге шектеу қойылды», — делінген хабарламада.Сот үкімімен ерлі-зайыпты 6 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалады.Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру, басшылық ету және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.Ең кемі 100 доллар салған: тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»