Қоғам

Жанар-жағармай жеткізетін ірі кәсіпорын 500 млн теңге айыппұл төледі

Жанар-жағармай жеткізетін ірі кәсіпорын 500 млн теңге айыппұл төледі

Алматы қаласының прокуратурасы «Petrosun» ЖШС қызметінен үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады.Тексеріс барысында кәсіпорын монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегені анықталды. Ал бұл Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 159-бабына қайшы келеді.»Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган жеткізушіге қатысты кірістің 5% мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды», — деп хабарлайды қалалық прокуратура.Сот қаулысымен ЖШС әкімшілік жауапқа тартылды.Апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырғаннан кейін, мемлекеттік бюджетке 542,9 млн теңге айыппұл төленді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»