Қоғам

Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық монеталары айналымға шықты

Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық монеталары айналымға шықты

Қазақстан Ұлттық банкі «Банкноталардағы портреттер» сериясынан Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.»2011-2013 жылдары Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық алтын монеталары айналымға шықты. Коллекционерлер мен халық тарапынан болған сұранысты ескере отырып, серия күміс және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталармен толықтырылып отыр», — деп хабарлады Ұлттық банк.Күміс монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.Нейзильберден жасалған монеталар: әрқайсысы МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, uncirculated дайындау сапасымен, номиналы 200 теңгелік, таралымы 50 000 дана жасалды.Коллекциялық монеталар 8 желтоқсаннан бастап https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.Ұлттық банк жаңа монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өз белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті екенін атап өтті.Айта кетері, коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»