Қоғам

Отау Отбасы банк

Отау Отбасы банк

Бүгін, 1 наурыздан бастап қазақстандықтар «Отау» бағдарламасына қатысуға өтінім бере алады.Өтінімдерді қабылдау түстен кейін басталады.»1 наурыздан сағат 15:00-ден (UTC+5) бастап Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) «Отау» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Өтінімдер 30 сәуірге дейін қабылданады», — деп хабарлайды «Бәйтерек» холдингі.Тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтініш берген кезде мына талаптарға сай болу қажет:қатысушылардың жас аралығы – 18 бен 63 жас;Қазақстан азаматы немесе қандас мәртебесі;депозиттегі жинақтың ең аз сомасы 1 млн теңгеден кем емес;үміткердің жинақ шотына ең кемі 18 ай толуы керек;қатысушы мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауы керек.Сондай-ақ Астана мен Алматыдан үй сатып алатындардың осы қалаларда тұрғылықты жері бойынша тіркеу болуы шарт.Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.Айта кетері, Отбасы банк – Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»