Қоғам

2024 жылдан бастап кімдер саусақ іздерін тапсырады

2024 жылдан бастап кімдер саусақ іздерін тапсырады

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін ерікті түрде тапсырады. Дактилоскопиялық тіркеу шетелдіктерге ғана міндетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.2024 жылдан бастап қазақстандықтар жеке басын куәландыратын құжаттарды жасатқанда саусақ іздерін ерікті түрде тапсырады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында оларды дактилоскопиядан өтуге ешкім міндеттемейді.Парламент қабылдаған заңға сәйкес, саусақ іздерін тек шетел азаматтары тапсырады.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң 2016 жылы қабылданды. Алайда саусақ іздерін тапсыруға қатысты норма тек 2024 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.Бастапқыда ішкі істер министрлігі Қазақстанның 16 жасқа толған барлық азаматын саусақ іздерін тапсыруға міндеттеуді жоспарлаған еді. Бірақ кейін заңға өзгерістер енгізіліп, республика азаматтары дактилоскопиялық тіркеуден ерікті түрде өтетін болды.Саусақ іздерін Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа паспорт немесе жеке куәлік жасатқан кезде тапсыруға болады.Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңды іске асыру үшін ішкі істер министрлігіне 14,1 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат серверлік, лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету, аппарат кешендерін жабдықтау, дактосканерлер алу, қызметкерлерді оқыту және тағы басқа мақсаттарға жұмсалды.Қазақстандықтар саусақ ізін тапсырады – ІІМ көпті мазалаған сұрақтарға жауап берді

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»