Қоғам

Сегіз өңірде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Сегіз өңірде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Биыл 1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.»Жыл сайын көктем мезгілінде республикалық маңызы бар жолдарды қыстан кейін сақтау және күтіп ұстау үшін бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бірінші наурыздан бастап мұндай ереже 8 облыстағы трассаларда қолданылады», — деп хабарлайды көлік министрлігі.Дәлірек айтқанда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары «бесінші жол-климаттық аймаққа» кіреді. Уақытша шектеу шаралары 1 наурыздан 1 сәуірге дейін күшінде болады.Министрлік атап өткендей, шектеу халықаралық жүктер мен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек, азық-түлік, багаж, дәрі-дәрмек таситын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөліктерге қатысты қолданылмайды.Дәл осындай шектеулер 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да енгізіледі, деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»