Қоғам

Салық органының қызметкері декларация тапсыруға келген адамдардың атынан кредит алған

Салық органының қызметкері декларация тапсыруға келген адамдардың атынан кредит алған

Қосшы қаласында салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық әшкере болды.Ақмола облыстық прокуратурасының ақпаратынша, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыруға шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп алған. Сосын жәбірленушілердің атына онлайн микрокредит рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған.»Қосшы қаласы прокуратурасының нұсқауын орындау барысында алаяқ анықталып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша жауапқа тартылды», — делінген хабарламада.Облыстық прокуратура азаматтарға түрлі қаржылық операцияларды жүргізу кезінде сақ болуды ескертті.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»