Қоғам

Отау ипотекасы

Отау ипотекасы

Отбасы банк «Отау» ипотекалық бағдарламасына өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді.

"Енді тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүлкі мен жалпы жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесінің болуына байланысты "Отау" бағдарламасына жолданған өтініштері кері қайтарылған қазақстандықтар қайта өтініш бере алады", — делінген ресми хабарламада.

Осы уақытқа дейін бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүліктің болмауы автоматты түрде тексеріліп келген. Ондайда тек оң немесе теріс жауап түсіп тұрған. «Тұрғын үй» немесе «тұрғын үйге жатпайтын» жылжымайтын мүлік түрлері бойынша ақпарат жеке-жеке бөлінбеді. Сондықтан көлікжай, қоймасы, ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскесі немесе ортақ жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесі бар көптеген қазақстандықтардың өтінімдері қабылданбай қалды. Олардың барлығы 22 сәуірден 30 сәуірге дейін қайта өтінім жолдай алады.»Бізге мысалы шалғайдағы ауылдағы шағын үйде басқа да көптеген отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үй үлесі бар клиенттеріміз хабарласты. Олардан бөлек көлікжайы немесе тұрғын емес қосалқы үй-жайы бар клиенттеріміз бар. Әрине, бұл фактілер адамдарға баспана қажет емес дегенді білдірмейді. Біз азаматтардың барлық өтінішін мұқият қарап, «Отау» бағдарламасы бойынша қабылданбаған өтініштерге талдау жасадық және қалыптасқан жағдай бойынша жеке шешім шығардық», — дейді банк басшысы Ләззат Ибрагимова.

Қанша өтінім қабылданды

Бүгінгі таңда Отбасы банк 18 729 өтінім қабылдады. Бұл ретте 35 жасқа дейінгі банк салымшыларынан 68% немесе 12 687 өтінім қабылданды.Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін банк тізімді саралап, оны порталда жариялайды. Содан кейін үміткерлерге несиелік өтінім беру үшін шамамен 40 жұмыс күні беріледі. Клиентке несие мақұлданса, баспана табуына тағы 6 ай уақыт беріледі.Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында тек бастапқы нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша немесе сақтандыру құралын пайдалана отырып сатып алуға болады. Барлық басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үй сатып алуға болады. Бағдарламаға қатысушы Баспана маркет порталында алғашқы нарықтағы тұрғын үйлерді таңдай алады.алғашқы жарна – 20% бастап;кредит бойынша мөлшерлеме – 9% (ЖТСМ 9,2%-дан 11,8%-ға дейін);несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»