Қоғам

Антикор «Аграрлық несие корпорациясы» облыстық филиалының басшысын ұстады

Антикор "Аграрлық несие корпорациясы" облыстық филиалының басшысын ұстады

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Бизнеске жол» жобасын іске асыру аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысын ұстады.Антикордың ақпаратынша, ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деген күдікке ілініп отыр. Пара сомасы 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі мөлшерді құраған.»Ақша Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында бөлінетін кредиттерді беру мәселесін оң және кедергісіз шешуге арналған», — делінген хабарламада.Күдікті Петропавлда уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.Айта кетері, «Бизнеске жол» жобасының мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергіні, құжаттарды рәсімдеу кезінде әуре-сарсаңды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.Антикор Азық-түлік корпорациясының басшыларын ұстады

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»