Қоғам

«Майқайыңалтын» шахтасындағы апат: екі адам әлі табылған жоқ

"Майқайыңалтын" шахтасындағы апат: екі адам әлі табылған жоқ

Павлодар облысында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.»Опырылу орнында әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекаралары тұрақты емес. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев жүр.Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды. Оқиға орнында барлығы 116 адам және ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, «103» қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні «Майқайыңалтын» кенішінде төтенше жағдай болды. Шахта жанында жер опырылып, 4 адам мінген автобус тереңдігі 150 метр шұңқырға құлап кеткен. Апат кезінде автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.4 қаңтар күні іздестіру-құтқару жұмыстары барысында екі құтқарушының денесі табылды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»