Елорда тынысы

Астанада құрылыс компанияларының басшыларына қатысты 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Астанада құрылыс компанияларының басшыларына қатысты 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Астанада он тұрғын үй кешенін салған құрылыс компаниялары басшыларына қатысты 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды қалалық прокуратура.Елорда прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп үлестік құрылыс саласында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.2019 жылдан бері проблемалы жылжымайтын мүлік саны 150-ден 32-ге, ал алданған үлескерлер 16 мыңнан 4 мыңға дейін қысқарған. Осы кезеңде прокуратура 4 993 үлескердің мүддесіне 48,5 млрд теңгеге 125 талап-арыз жолдады.»Уәкілетті орган 2019-2023 жылдары үлескерлерден ақша тартуға құқығы жоқ 149 компанияны әкімшілік жауапқа тартты. Өткен кезеңде 4 құрылысшы сотталды. Бүгінде полицейлер 10 тұрғын үй кешенін салушы компания басшыларына қатысты 7 қылмыстық істі тергеп жатыр. 5 адам қамауға алынды. Олардың әрекетінен 426 азамат зардап шеккен», — делінген хабарламада.Прокуратура елордалықтарға құрылыс компаниясын таңдау кезінде сақ болу керектігін ескертті.Азаматтардан ақша тартуға құқығы бар құрылыс салушылардың тізімі www.egov.kz сайтында көрсетілген.Астанада құрылыс компанияларының басшылары ұсталды

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»