Елорда тынысы

OTBASY DUATLON 2023: Астанада отбасылық жарыс өтеді

OTBASY DUATLON 2023: Астанада отбасылық жарыс өтеді

Астанада 24 қыркүйек күні отбасылық дуатлон ұйымдастырылады. Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.OTBASY DUATLON 2023 қатысушыларына тіркеу нөмірлері 24 қыркүйекте таңғы 8:00-ден 10:00-ге дейін беріледі.Жарысқа 8 жастан 9 жасқа дейін, 10 жастан 11 жасқа дейін және 12 мен 13 жас аралығындағы балалар жас санаттары бойынша қатыса алады.Жарыс спорттың екі түрінен үш қашықтық бойынша өтеді.
Қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайды.Жүгіру (әкесі) – 2,1 км;Велосипед жарысы (анасы) • 2,1 км;Жүгіру (бала) – 200 м.Әкелер старт сызығынан 2,1 км қашықтыққа бірінші болып жүгіреді, ары қарай эстафетаны жұбайына тапсырады, өздері транзиттік аймақта күтіп тұрады.Велосипедпен 2,1 шақырымды екінші болып аналар жүріп өтеді, осыдан кейін 200 метр қашықтықта балалар жүгіреді.Әр топтағы жарыс жеңімпаздары барлық қашықтықты бағындырған уақыт бойынша анықталады.Марафоншылардың бәрі медальдармен марапатталады. Жеңімпаздар бірінші, екінші, үшінші орын дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, қатысушыларға премиум фитнес клубының арнайы сертификаттары беріледі.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»