Елорда тынысы

Астанада қалың қар түсті: әкімдік мәлімдеме жасады

Астанада қалың қар түсті: әкімдік мәлімдеме жасады

Астанада көшелерді қардан тазартуға 2300-ден астам жұмысшы мен 1400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қар тазалау жұмыстары кеше түннен, яғни қар жауған сәттен бастап жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.© Photo : Пресс-служба акима Астаны Астана көшелерінде қар жинап жүрген техникаАстана көшелерінде қар жинап жүрген техника© Photo : Пресс-служба акима Астаны «Қар тазалау жұмысы күшейтілген режимде, кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ маршруттарды белгілеу арқылы жүргізіледі. Бірінші кезекте, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды учаскелер тазартылады. Ары қарай қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады», — делінген хабарламада.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, сол сияқты жарықтандыру қосылған.© Photo : Пресс-служба акима Астаны Астана көшелерінде қар жинап жүрген техникаАстана көшелерінде қар жинап жүрген техника© Photo : Пресс-служба акима Астаны Қыс басталғалы және жауын-шашын жауғаннан бері қар полигондарына 100 мың текше метрден астам қар шығарылды және 6600-ден астам рейс жасалған.Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»