Елорда тынысы

Астанада жаңажылдық отшашу қай жерде болады

Астанада жаңажылдық отшашу қай жерде болады

Астанада жаңажылдық отшашу екі жерде болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.31 желтоқсанда сағат 00:00-де алдымен Қазақстанның әнұраны шырқалады. Одан кейін Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпірінің аумағынан отшашу тамашалауға болады. Әрбіреуі шамамен мың рет атылады.»Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу демеушілер қаржысы есебінен ұйымдастырылады», — дейді әкімдік қызметкерлері.31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қаладағы үш жерде мерекелік іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, сағат 21:00-ден 02.00-ге дейін орталық алаңда, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңа жыл түні» мерекелік концерті өтеді.Сондай-ақ, тұрғын үй алаптарында да мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»