Елорда тынысы

Елордада «Еурохаттама» мобильді қосымшасы арқылы 142 жол апаты тіркелген

Елордада "Еурохаттама" мобильді қосымшасы арқылы 142 жол апаты тіркелген

Биыл жеңіл жол апатын «жеңілдетілген тіркеуді» жүзеге асыру аясында жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін «Еурохаттама» мобильді қосымшасы енгізілді. Жыл басынан бері елордада 142 жол апаты осы қосымша арқылы тіркелген, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Полицияның ақпаратынша, енді екі көлік қана жол апатына ұшырап, олар 369 мың теңге (100 АЕК-тен аспайтын) материалдық шығын келтірсе, жол-көлік оқиғасын тіркеу үшін полиция шақырудың қажеті жоқ. Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жүргізушілер зақымдалған бөлшектерді суретке түсіріп, хаттама толтырып, сақтандыру компанияларына тікелей залал туралы талап-арыз жібере алады.Мұның қандай артықшылықтары бар:азаматтарға бұдан былай ұсақ жазатайым оқиғаларды тіркеу үшін кептелісте полицияны күтудің қажеті жоқ;мұндай заңбұзушылықтар үшін жүргізушілер енді әкімшілік жауапқа тартылмайды;Бұған дейін Астанада материалдық шығын әкелген жол апаты салдарынан жыл сайын 29 мыңға жуық жүргізушіге соттар айыппұл салып немесе құқығынан айырылған.сақтандыру төлемдерінің мерзімі хаттама жасаудан бастап сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі сот рәсімдерін жою арқылы қысқартылады;Егер бұрын мұның барлығы 60 күнге дейін созылса, қазір тіркеуден бастап төлемдерді алғанға дейін шамамен 5 күн қажет.жол-көлік оқиғаларына қызмет көрсететін полиция жасақтарының саны қысқартылады. Бұл күштер мен құралдар заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталады.Еурохаттаманы енгізу – полиция мен тұрғындар арасындағы өзара іс-қимылды бюрократиясыздандырудың тағы бір қадамы, деп атап өтті полиция департаменті.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»