Елорда тынысы

Астанада көлік қозғалысына арналған жаңа көпір 30 қазанда ашылады

Астанада көлік қозғалысына арналған жаңа көпір 30 қазанда ашылады

Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір 30 қазан күні ашылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Көпір – сегіз жолақты, яғни төртеуі бір жағында, қалған төртеуі екінші жағында.Көпір үстінде сынақ жұмыстары 25 қазан күні басталады. Көпір статикалық жүктемемен сыналады – кезең-кезеңімен арнайы техникалар (30 тонналық самосвалдар) пайдаланылады. Көпірдің жай-күйін бақылап, жағдайды назарда ұстау үшін қажетті көрсеткіштер беретін сенсорлар орнатылады.»Осылайша, жүргізушілер үшін қозғалыс 30 қазанда ашылады. Ал абаттандыру жұмысы көктемде аяқталады», — делінген хабарламада.Әкімдік жаңа көпір өзге көшелерге түсетін жүктемені едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен байланыстырады.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»