Елорда тынысы

Астананың көгалдандыру жарғысы әзірленіп жатыр

Астананың көгалдандыру жарғысы әзірленіп жатыр

Елорда әкімдігі қалалық урбанистика орталығымен бірлесіп, Астананы көгалдандыру жарғысын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.Осы құжатта қаланы көгалдандырудың жалпы стратегиясы — ережелер мен ұсыныстар жинақталады. Оған қоса нақты шаралар және жоспарлар да көрсетіледі. Жасыл желектер, суару жүйелері, күтім жұмыстары, тіпті ағаштар саны бойынша тиісті талаптар енгізіледі.»Көгалдандыру жарғысы қаланың барлық қатысушылары, оның ішінде тұрғын үй кешендері, өнеркәсіптік және коммерциялық нысандар, сауда және бизнес орталықтарына сапалы көгалдандыру және көгалдандыру мәселелеріне ерекше назар аудару құралы болып саналады», — дейді әкімдік мамандары.Биыл құрылыс салушылар тарапынан жасыл желектерді отырғызу 2,5 есеге ұлғайды. Қала бойынша 100 000-нан астам жасыл желек отырғызылды.Бүгінгі елорданың бір тұрғынына көгалдандыру алаңы 14 шаршы метрді құрайды. Бірнеше жылдың ішінде осы көрсеткіш 19 шаршы метрге дейін артады.Қаланы көгалдандыру бойынша ұсыныстар мен идеяларды урбанистика орталығының centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады. Барлық ұсыныс өңделеді және ескеріледі. Ал желтоқсан айында қаланы көгалдандыру жарғысы Астана мәслихатының отырысында қаралады.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»