Спoрт

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына бесінші күміс түсті

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына бесінші күміс түсті

Қазақстандық палуан Бекәділ Шаймерденов Азия ойындарында кураштан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен финалдық белдесуде жерлесіміз өзбекстандық Үмид Есановпен кездескен. Шаймерденов барын салды, бірақ қарсыласы айласын асырып кетті. Осылайша, Қазақстан қоржынына бесінші күміс түсті. Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстан құрамасы командалық есепте 12 орында тұр. Спортшыларымыз 28 медаль (3 алтын, 5 күміс пен 20 қола) жеңіп алды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»