Спoрт

Азия ойындары: қазақстандық спортшылардың төртінші күнгі жарыс нәтижелері қандай

Азия ойындары: қазақстандық спортшылардың төртінші күнгі жарыс нәтижелері қандай

. Өткен тәлікте Азия ойындары аясында Қазақстан командасы бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды.Сапында Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина бар Қазақстанның әйелдер командасы скит бағдарламасында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын (350 балл) орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.Ваттерфляй әдісімен (100 метр) жүзудің финалдық кезеңінде мәреге Әділбек Мусин 51.86 секундта жетіп, қола медаль жеңіп алды.52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аян Тұрсын қола жүлдеге ие болды.Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (50 кг) Непалдан келген қарсыласы Сусма Тамангты – 5:0 есебімен ұтса, Сағындық Тоғамбай Моңғолиядан келген Бариахаан Доржды екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Кешкі сессияда Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) Тәжікстаннан келген боксшы Баходур Усмоновты 3:2 есебімен жеңді.Аралас жұпта Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин 32 минут ішінде тәжікстандық қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен жеңіп, ж келесі кезеңге өтті. 3×3Қазақстанның әйелдер командасы Непал құрамасын 17:10 есебімен жеңді.Қазақстанның әйелдер құрамасы топтық іріктеу кезеңінде Өзбекстан командасын 37:33 есебімен ұтты.Төртінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде бар.28 қыркүйек таңертеңгі жағдай бойынша, Қазақстан 13 медальмен 12-орында тұр (1 алтын, 2 күміс және 10 қола).Абсолют көшбасшы бұрынғыша Қытай – 140 (76 — 43 — 21). Екінші орында Оңтүстік Корея – 70 (19 -18 — 33). Үшінші қатарға Жапония жайғасқан – 66 (15 — 27 — 24).

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»